«ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасындағы темір жол көлігі саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы» өткізілді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 5–6 қараша күндері Ақтөбе облысы білім басқармасының Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі базасында *«ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасындағы темір жол көлігі саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы»* өткізілді.
Конкурсқа өңіріміз атынан екі құзырет бойынша *Жол-көлік колледжінің* оқытушылары қатысты.
Еліміздің 13 өңірінен қатысушылар келген бұл дүбірлі додада:
«Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы бойынша — *Шамшиметов Зуфар Фархатович І орын*🥇,
«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша — *Огурките Максим Анатольевич ІІІ орын* 🥉 иеленді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған