Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов пен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы – Жол-көлік колледжіне арнайы келді

21.12.2020ж. күні Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов пен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы – Жол-көлік колледжіне арнайы келді.
Колледж директоры Г.Ү.Искакова келген қонақтарды колледждің бүгінгі тыныс-тіршілігімен, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жас маман» жобасы аясында халықаралық стандарттар талаптарына сай соңғы заманауи үлгіде алынған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Сонымен қатар Мұрат Дүйсенбекұлы ШҚББ қарасты ТжКББ ұйымдарының басшыларымен және студент жастармен кездесіп, жалпы педагог қызметкерлерді және студент жастарды толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған