«ЭкоСағат» ауқымды акциясы

10.10.2019ж. күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы 03 қыркүйектегі №30-03-382/И хатына сәйкес, Жол-көлік колледжі оқу топтарының студенттері «ЭкоСағат» ауқымды акциясы аясында колледж аумағына жасыл шырша желектерін отырғызды. Оқу топтары студенттері өздері отырғызған шыршаларды қамқорлықтарына алып, күтіп-баптайды және өсуіне жағдай жасап отырады.
Колледж директоры Г.Ү.Искакова студенттердің бастаған игі істеріне сәттілік тілеп, қолдау көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған