Қазақтың ұлттық ойындар сайысы өткізілді

19.01.2023ж. Тәрбие бағытының жоспарына сәйкес жол – көлік колледжінің жатақханасында студенттер арасында жатақхана тәрбиешісі Б. Тулеуованың ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындар сайысы өткізілді. Мақсаты ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге, ұлттық ойындар арқылы дәлдікке, мергендікке, ептілік пен әділдікке баулу. Сайысқа колледж жастар ұйымының төрағасы Ерік Бейсбеков қатысып, ұлттық ойындардың жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орнына тоқталып, бүгінгі іс-шараның маңызы жөнінде айтып, жарысты қорытындылады

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған