Қала әкімдігінің «Ұстаздар күні» мерекесіне арналып ұйымдастырылған салтанатты жиыны

02.10.2021ж. Қала әкімдігінің «Ұстаздар күні» мерекесіне арналып ұйымдастырылған салтанатты жиында Жол-көлік колледжінің ұстаздары да жоғары марапаттарға ие болды. Атап, айтсақ, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін математика пәнінің оқытушысы Сақбаева Нұрсұлу Тұранқызы «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталса, 2021 жылғы «Үздік педагог» конкурсының қалалық кезең жеңімпазы, арнайы пәндер оқытушысы Торыжанов Бауыржан Абайұлы айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген (875100 теңге) мөлшерінде қаржылай сыйақыға және Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатына ие болды.
Жол-көлік колледжінің ұжымы атынан марапат иелерін құттықтаймыз! Біз сіздермен әрдайым мақтанамыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған