«Үздік педагог – 2019» байқауы

30.01.2019ж. күні Жол – көлік колледжінде «Үздік педагог – 2019» байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл байқаудың мақсаты – педагог тұлғасын қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптар мен оқытушы мамандығының ерекшеліктері және іскерліктерін қалыптастыру, кәсіптік орта білімнің үлгісін дамыту, педагогикалық жаңа идеяларды анықтау, колледж оқытушыларының педагогикалық-шығармашылық дамуын және іс-тәжірибесін насихаттау болып табылады. Байқауға қатысқан оқытушылар байқау ережесі бойынша төрт кезеңнен тұратын шарттар негізінде сайысқа түсті. Байқауға қатысқан үздіктерді бағалаған комиссия мүшелерінің қорытындысының нәтижесі бойынша қатысушы оқытушылар арнайы ақшалай сыйлықпен және Дипломмен марапатталды. Бірінші жүлделі орынды иеленген оқытушыға «Үздік педагог – 2019» арнайы Кубогі табыс етілді. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!!!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған