«Ұлттық тұрғыдағы тәрбие көзі аналар» атты тақырыпта аналар кеңесінің төрайымы қыздарымен кездесу

10.12.2021ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық тұрғыдағы тәрбие көзі аналар» атты тақырыпта аналар кеңесінің төрайымы Қыздықой апа мен Балжан апа колледждің студент қыздарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қыз балаларға кеңес беру, жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастармен еркін форматта сұхбат жүргізілді. Қыздар да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды. Кездесу соңында қатысушылар бірге естелікке суретке түсті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған