Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

05.10.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шарада колледж директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызы колледж оқытушыларын кәсіби төл мерекесімен құттықтай отырып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолында жеткен жетістіктері үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» Төс белгісімен, Шымкент қаласы Мәслихатының, Шымкент қаласы Абай аудандық және «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалының, ШҚ Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар Гүлзат Үкібайқызы колледж ұжымы атынан колледжде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет еткен ардагер оқытушы С.Тілепбергеновты асқаралы алпыс жас және білікті оқытушы С.Қарабаеваны елу жасқа толған мерейлі мерекелерімен құттықтап, ұстаздық қызметте шығармашылық табыс тілей отырып, өз алғысын білдірді.
Салтанатты жиын барысында 2018-2019 оқу жылында педагогикалық білім беру қызметі және шығармашылық ізденіс бағыты бойынша қорытындыланған Рейтингте үздік нәтиже көрсеткен 1108000,1203000, 1303000 пәндік циклдік комиссиясына (төрағасы З.Ф.Шамшиметов) Ауыспалы Кубок, ал жүлделі ІІ –ІІІ орынға ие болған Тіл пәндері ПЦК, Жалпыбілім және жалпыкәсіптік ПЦК-на (төрағалары Н.Т.Сақбаева мен Р.Н.Найманбаева) арнайы Диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Аталмыш жиын соңы колледждің жас оқытушылары мен студент жастарының ұйымдастырған мерекелік концертіне ұласты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған