«АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК-ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ»

12.01.2024 ж. күні іргесі сонау 1971 жылы қаланған, бүгінгі «Жол-көлік колледжінде» 2005-2006 оқу жылында қарапайым оқытушылық қызметіне келіп, 2009-2010 оқу жылдарында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылдан бастап табан тіреп, 12 жыл колледж директоры басшылық қызметін атқарған Искакова Гүлзат Үкібайқызының 61 жасқа толып, зейнеткерлікке шығуына орай колледж ұжымы ұйымдастырған салтанатты кеш өтті.
Салтанатты кешке өзі басқарған колледж ұжымынан басқа білім басқармасының басшысы – Н.А.Шамшиева, ТжКБ бөлімінің басшысы Ж. Б.Алтаева, Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымы, ардагер ұстаздар, әріптестері (ШҚББ қарасты колледж директорлары), шәкірттері және 10 жыл мектеп партасында бірге отырып білім алған сыныптастары қатысты. Кеште қонақтардың ыстық лебіздері мен шынайы тілектері тыңдалып, ән-мен жырдан шашу шашылды.
Құрметті Гүлзат Үкібайқызы, педагогика саласында үздіксіз еткен абыройлы еңбектеріңіз кейінгі жас буынға үлгі-өнеге! Сізді бүгінгі мерейлі туған күніңізбен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық пен ұзақ та баянды ғұмыр тілеп, бейнетіңіздің зейнетін көріңіз демекпіз!!!
Ізгі тілекпен: ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ ҰЖЫМЫ

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған