14.06.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма мен Абай аудандық соты бірлесіп, ажырасудың алдын-алу бойынша профилактикалық кездесу өткізді. Арнайы іс-шараға Абай аудандық сотының міндетін атқарушы М.Шарипов, Абай ауданының сот әкімшілігінен Е.Отарбаев, кәсіби медиатор Н. Нұрханов мырзалар қатысты. Е.Отарбаев мырза қазіргі таңда отбасылар дау-дамайын сотқа дейін қабылдайтын қылмыстық істері мен азаматтық істері бойынша шешу жолдарын қарастыратын тұрақты түрде кәсіби медиаторлар жұмыс істейтіндігін және олардың тіпті арнайы сайттары бар екендігін атап өтті. Ал кәсіби медиатор Нұрбол Нұрланұлының айтуынша, медиацияның ерекшеліктері тараптарға еріктілік беретіндігінде екендігін, сондай-ақ медиаторлардың басты мақсаты соттардағы дау-жанжалдарды төмендету екендігін айтып өтті. Бүгінгі кездесу барысында жастарға ажырасудың алдын-алу жолдары мен дау-дамайды сотқа дейін шешуге болатындығы жіті түсіндірілді. Кездесуге келген қонақтар колледждегі медиация кабинетінің жұмысымен танысты және бұл медиация кабинеті ұжым арасында кикілжің туындаған жағдайда мәселені дер кезінде шешіп, реттеуге септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.