«Таным – Өнер – Спорт» байқауына 10 жыл

07.06.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Таным – Өнер – Спорт» байқауының 10 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. Бұл байқау – педагог қызметкерлердің ерекше қабілеттері мен таңдаулы қасиеттерін, сондай-ақ, оқытушының педагогикалық іс-әрекеттерімен қатар салауатты өмір салтын ұстанымы мен өнер-таным шеберліктерін қалыптастыратын және ұжым арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтатын бірден-бір іс-шара. Салтанатты іс-шара барысында 10 жыл ішінде сахнада сомдалған көріністер мен ән-би өнерлерінен естеліктер ретінде бейнефильмдер мен слайд шоу көрсетіліп, ойындар ойнатылды және ПЦК оқытушылары жаңа қойылымдар қойып, ән мен биден шашу шашты. Сонымен қатар, спорт түрлерінен командалық жарыстар ұйымдастырылды. Салтанатты кеш соңында Үздіктерге арнайы сыйлықтар тапсырылып, Дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған