«АНАМНЫҢ ИІСІ» АТТЫ КИНО КӨРСЕТІЛДІ

27.09.2023 ж. Жол көлік колледжінде Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Анамның иісі» фильмі жастар назарына ұсынылды. Бұл туынды ананың қадіріне жетуге үгіттеумен қатар, жастарға отбасы құндылығы жайлы терең түсінік қалыптастырды.
Көрсетілім соңында оқушылар тәлім-тәрбиелік бағытта тағылымы мол кинодан алған әсерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған