«Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырып аясында кездесу өткізілді

28.09.2023ж. күні Жол-көлік колледжінде «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырып аясында ерте жүктілікті алдын алу мақсатында “Алинұр” медициналық емханасының гинеколог мамандарымен, колледж психологымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қыз баланың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, оған тән қасиеттер туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, кез келген қыз бала денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс әрекеттерден аулақ болуы қажеттігі насихатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған