Колледждің 48 орындық асханасы 2014 жылы күрделі жөндеуден өтіп, 60 орынға дейін кеңейтіліп пайдалануға берілді. Асхананың технологиялық жабдықтары толығымен ауыстырылып жаңадан қойылды. Асхана қызметкерлері тиісті ас мәзірлерін жасап, оны колледждің жауапты қызметкерлерімен келісіп, бекітеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 1 күндік тамағына 1983 (бір мың тоғыз жүз сексен үш) теңге 7 (жеті) тиын құраса, әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға 793 (жеті жүз тоқсан үш) теңге 23 (жиырма үш) тиын көлемінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында қаржылай көмек көрсетіледі. Кешенді түскі астың орташа бағасы – 1000 теңгені құрайды. Кешенді асқа 1-тамақ немесе 2-тамақ, шай, нан кіреді.