Dining room

Колледждің 48 орындық асханасы 2014 жылы күрделі жөндеуден өтіп, 60 орынға дейін кеңейтіліп пайдалануға берілді. Асхананың технологиялық жабдықтары толығымен ауыстырылып жаңадан қойылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз болған жеке кәсіпкер Г.Аманжолова өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап оқушылар мен оқытушыларды сапалы әрі дәмді аспен тамақтандырып үлкен алғысқа бөленуде. Асхана қызметкерлері тиісті ас мәзірлерін жасап, оны колледждің жауапты қызметкерлерімен келісіп, бекітеді. Кешенді түскі астың орташа бағасы 320 теңгені құрайды. Кешенді асқа 1-тамақ, 2-тамақ, шай, нан кіреді