Ата – аналары жиналысы

30.09.2022ж. Колледждің мәжіліс залында колледждің жылдық жоспарына сәйкес ата-аналардың жалпы жиналысы өткізілді. Жиынды ашқан колледж директоры Г.Ү.Искакова ата-аналарды балаларының студент атануымен құттықтап, колледжде оқудың ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталып өтті. Ата-аналарды бөлім меңгерушілерімен, колледж психологымен, әлеуметтік педагогымен таныстырды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Акмулдаев колледждің алға қойған міндеттері мен жоспарларымен таныстырып шықса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, ата-аналарды балаларының тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Колледж, куратор, ата-ана, студент – осы төрттаған бірге бірлесіп жұмыс істегенде аған тәрбие нәтиже беретінін баса айтты. «Алинұр К» емханасының қызметкерлері: жалпы тәжірибелік дәрігер Балқыбек Жанна Әбдіжапарқызы, аға мейірбике Аширова Ақмарал Диханбаевна колледж студенттеріне медициналық қызметке жүгіну жолдарын түсіндірді. Жиын соңында ата-аналар атынан сөз сөйлегендер колледж жұмысына табыс тілеп тарқасты

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған