Ата–аналар жиналысы «ZOOM» бағдарламасы шеңберінде өтті

25.09.2020 ж. күні Жол-көлік колледжінде I курс студенттерінің ата-аналарымен «ZOOM» бағдарламасы шеңберінде ата–аналар жиналысы өтті. Жиналысты колледж директоры Г.Ү. Искакова алғысөзімен ашып, 2020-2021 оқу жылында алға қойған мақсаттар мен міндеттер жайлы кеңінен айтып, 2020 жылғы «13» тамыздағы ҚР Білім және ғылым министрінің №345 бұйрығымен таныстырды. Осы бұйрықта нақты көрсетілген- елімізде орын алған коронавирустық инфекцияның қайта өршіп таралуына жол бермеу мақсатында-оқу процесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдарына, жалпы ережелеріне, оқу процесінің қашықтықтан ұйымдастырудың негізгі төрт форматына тоқталып өтті. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Акмулдаев колледждегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылу барысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов тәрбие процесі және колледждің ішкі тәртіп ережелері жайлы, медициналық қызметкер Қ.Нұрымбетова студенттердің медициналық сақтандыру ережелері жөнінде маңызды ақпараттар, сондай-ақ студенттердің жаңа өмір жағдайына бейімделуіне байланысты колледждің педагог-психологі Т.Мұса психологиялық кеңес беріп өтті. Сонымен қатар, білім алушылар үшін оқу процесін ұйымдастырудың «қашықтықтан білім беру технологияларының (ҚБТ)» кез-келген тиімді нұсқаларын пайдалану мүмкіндіктері бар екендігін ескерте отырып, негізгі сабақ «ZOOM» бағдарламасы негізінде үздіксіз ұзақтығы 35 минуттық сабақ өтілетінін, т.б ата-аналарға қажетті мәліметтер беріліп, ата-аналарды толғандыратын көптеген сұрақтар аясында пікір алысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған