“Ата-бабамыз аңсаған – Тәуелсіздік!” атты топ жетекшілер бірлестігі апталығы

21.05.2021 ж. күні Жол-көлік колледжінде өткен “Ата-бабамыз аңсаған – Тәуелсіздік!” атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының бағдарламасына сәйкес ТМ 9-205, АЭ 9-202, ДМ 9-202 топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен орыс тілді топтарына “ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа 30 жыл» атты тәрбие сағатын өтті. Сонымен қатар колледж білім алушыларының қатысуымен “I LOVE KZ” флешмобы ұйымдастырылды. Апталықтың жабылуына орай “Тарихи тұлғалар тағылымы” атты кеш өтті. Кеш барысы Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың 155, күш атасы Қажымұханның 150 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналып, концерттік іс-шараға ұласты. Апталықты қорытындылау барысында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Б.Р. Ешимов сөз сөйлеп, апталыққа қатысқан белсенді топ жетекшілер мен апталық аясында өткен
футболдан жеңімпаз және үздік қолөнер бұйымдарын дайындаған топтарды марапаттады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған