«Ашық есік» күніне орай Шымкент қаласындағы №89, 67, №16, №24, №49 және Сарыағаш қаласындағы №23 мектептің бітіруші түлектері келіп, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.

14.04.2023ж. Жол-көлік колледжі қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілетін «Ашық есік» күніне орай Шымкент қаласындағы №89, 67, №16, №24, №49 және Сарыағаш қаласындағы №23 мектептің бітіруші түлектері келіп, колледждің материалдық-техникалық базасымен және «Білімді жастар – болашақтың тірегі» тақырыбында өткізіліп жатқан үйірмелер апталығының көрмесімен танысты.
Тағы да естеріңізге сала кетейік, Жол-көлік колледжінің «Ашық есік» күндері сәуір айының 10-28 сәуір аралығына жоспарланған.
Колледждің есігі сіздерге әрдайым ашық

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған