А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен маусымның 2023 жылдың 10-13 мамыр күндері Халықаралық «СӨЗ» әдеби-поэтикалық фестивалі аясында «Әдебиет әлемді біріктіреді» әдеби байқауы өтті.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен маусымның 2023 жылдың 10-13 мамыр күндері Халықаралық «СӨЗ» әдеби-поэтикалық фестивалі аясында «Әдебиет әлемді біріктіреді» әдеби байқауы өтті. Байқауға Жол-көлік колледжінен ТМ 9-222 тобының студенті Тоқбергенов Саят, ТМ 9-214 тобының студенті Сатылған Ердәулет, ТМ 9-204 тобының студенті Төлен Бекарыс қатысты. Өздерінің дарындылығымен қара өлеңді нақышына келтіре орындауларымен біздің студенттер іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, үздік деп танылды. Нәтижесінде Ш. Құдайбердіұлының «Криз патша» поэмасын орындаған (Л.Толстойдан) ТМ 9-204 тобының студенті Төлен Бекарыс бас жүлдені иеленіп, 100 000 мың тн. сертификатын ұтып алды. Тоқбергенов Саят пен Сатылған Ердәулет арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Өнерлі жастарымызға алдағы уақыттарда үлкен белестерден көрінуге тілектеспіз.

Experience the glamour of major award shows and behind-the-scenes action at view more .

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған