«Балаға мамандықты ата-ананың таңдағаны дұрыс па?» тақырыбында пікірсайыс-дебат

Дебат сайысы өтті
08.12.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес, «Балаға мамандықты ата-ананың таңдағаны дұрыс па?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Оқытушылар С.Әділұлы жетекшілік ететін ОПУЖТ9-222 тобы Үкімет, Б.Райымқұлов жетекшілік ететін топ ДМ9-221 оппозиция ретінде өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты. Іс-шараға оқытушылар, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып сұрақтар қойып пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша С.Әділұлының ОПУЖТ9-222 Үкімет тобы жеңіске жетті
Источник: bafus.ru/penosil/

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған