“Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз” тақырыбында әдеби аукцион өткізді

2022 жылдың 21 қазанында кітапхана оқу залында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Г.Байназарова, қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.Айнакулова және ТМ 9-222 тобымен бірлесіп “Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз” тақырыбында әдеби аукцион өткізді.
Аукционның мақсаты: студенттердің ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу.
А.Айнакулова қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, аудармашы және композитор Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді.
Әдеби аукционды Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі толықтырды. Кітапхана меңгерушісі Г.Байназарова кітап көрмесіне қысқаша шолу жасады

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған