«Білімді де, білікті маман – ұлт болашағы» тақырыбында ашық апталығы

08.02.2021ж.күні Жол-көлік колледжінде 1202000, 1203000, 1206000, 1303000 мамандықтарының арнайы пәндері циклдік комиссиясының «Білімді де, білікті маман – ұлт болашағы» тақырыбында ашық апталығы басталды. Апталықтың іс-шаралар жоспары бойынша карантин талаптарына сәйкес, колледж кітапханасында арнайы пән оқулықтары мен мамандықтарына сәйкес үздік макеттер көрмесі өтті. Көрмеге колледж директоры Г.Ү.Искакова және директордың ОӨІЖ орынбасары Е.Е.Абдираимов, кітапхана меңгерушісі Г.Байназарова қатысып, ПЦК оқытушыларының дайындаған көрмесіне оң бағасын берді.
Сонымен қатар колледж студенттерінің сапалы біліммен қатар, өз мамандықтарын терең меңгеруге мүмкіндіктер туғызу мақсатында арнайы пән оқытушысы С.Медеуованың «Дорожно-транспортное происшествие» тақырыбындағы бейнесабағы COLLEGE SmartNation сайтына жүктеліп, колледж студенттерінің назарына ұсынылды және арнайы пән оқытушысы М.А.Огурките «График исполненного движения» тақырыбында «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн форматта сабақ өтті. Сонымен қатар ПЦК оқытушылары П.Балғабаева мен А.Елемесова «Көліктік қауіпсіздік – тәртіп сақтаудың негізі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Карантиндік талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта өткен іс-шараға қатысқан Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚб ЮПБ полиция аға лейтенанты – Куздеубаев Мақсат Усипбекович және «Қазығұрт» стансасы ЖШС станса кезекшісі – Ташев Асқар Нуржигитович студенттермен кездесіп, қажетті кеңестер айтып, өз тәжірбиелерімен бөлісті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған