«Білімді жастар – болашақтың тірегі» тақырыбындағы үйірме апталығының ашылуы өтті

10.04.2023 жылы колледж фойесінде 10.04 – 14.04ж.күндері аралығында өткізілетін «Білімді жастар – болашақтың тірегі» тақырыбындағы үйірме апталығының ашылуы өтті. 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес әр пәннен үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, үйірме апталығында үйірме мүшелерінің жасаған жұмыстары көрмеге қойылып, әр студент немесе студенттер тобы өз жасаған жұмыстарын қорытындылауы тиіс болған. Апталық 14.04.2023ж. өз мәресіне жетеді.
Үйірме мүшелері жасаған жұмыстарының ішінде «Ақылды үй», «Асфальт-бетон зауытының макеті», техникалардың қосалқы бөлшектерінің макеті секілді жұмыстар бар.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған