«БҮГІНГІ БОЙЖЕТКЕН – ЕРТЕҢГІ АНА!» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

29.02.2024ж. күні Жол-көлік колледжінде ерте жүктілікті алдын алу мақсатында 1-4 курс қыздары арасында «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана!» тақырып аясында “Алинұр” медициналық емханасының акушер- гинеколог маманы П.П.Тульджанова, акушер А.К. Баймбетова, емхананың психологы Г.М.Мелдеш, колледж психологы Ғ.А.Омарова және колледж медбикесі С.Нұрымбетовамен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қыз баланың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, оған тән қасиеттер туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, кез келген қыз бала денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс әрекеттерден аулақ болуы қажеттігіне баса назар аударды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған