«Бүкіл әлем нақты ғылым тілінде сөйлейді» тақырыбында ашық апталығы

12-16.04.2021ж. күндері аралығында Жол-көлік колледжінде Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндері циклдік комиссиясының «Бүкіл әлем нақты ғылым тілінде сөйлейді» тақырыбында ашық апталығы өтті.Апталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес:
 12.04.2021 күні колледж фойесінде ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндер ғылым мен табиғатта» атты көрме және кітапхана меңгерушісі Г.Байназаровамен бірге жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқулықтармен кітапхана көрмесі өтті. Апталықтың ашылу салтанатына орай химия пәнінің оқытушылары Н.Аймырзаева, Ж.Байділдаева, Г.Арқабай, Э.Тлеубаеваның ұйымдастыруымен «Спирттердің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебатсабақ, информатика пәні оқытушысы Т.Джаркинбекова «Microsoft Power Point жайлы жалпы түсінік» тақырыбында ашық сабақ, химия пәні оқытушысы Ж.Байділдаева «Карбон қышқылдары»тақырыбында ашық сабақ және металдар технологиясы пәнінен сөзжұмбақ, ребус сайысы өтті. Сонымен қатар колледж фойесіндегі телеэкраннан бейнежазбалар апта бойы көрсетіліп отырды.
 13.04.2021 күні физика пәні оқытушысы Г.Саханова «Жарық табиғаты. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңдары» тақырыбында ашық сабақ, физика пәні оқытушысы А.Дүйсенова «Природа света» тақырыбында ашық сабақ, химия пәні оқытушысы Г.Арқабай «Күрделі эфирлер. Майлар»тақырыбында, информатика пәні оқытушысы С.Әділұлы «Crowdfunding платформаларының жұмыс қағидалары» тақырыбында Zoom бағдарламасында ашық сабақ өтті. Сызу пәнінен сөзжұмбақ, ребус сайысы өтті.
 14.04.2021 күні химия пәні оқытушысы Н.Аймырзаева «Күрделі эфирлер. Майлар» тақырыбында ашық сабақ, математика пәні оқытушылары Н.Сақбаева, А.Жандарбекова, А.Қожаеваның ұйымдастыруымен «Талантыңмен таныл» интеллектуалдық сайыс, математика пәні оқытушысы А.Қожаева «Параллелепипед и его элементы, свойства» тақырыбында ашық сабақ және информатика пәнінен сөзжұмбақ, ребус сайысы өтті.
 15.04.2021күні математика пәні оқытушысы А.Жандарбекова «Параллелепипед және оның элементтері, қасиеттері мен түрлері»тақырыбында ашық сабақ, информатика пән оқытушылары Т.Молдабекова, Д.Құлабекова, Ш.Бабашова, Т.Джаркинбекова, С.Әділұлының ұйымдастыруымен «Жас информатик-2021» интеллектуалдық сайысы, информатика пәні оқытушысы Ш.Бабашова «Маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары»тақырыбында Zoom бағдарламасында ашық сабақ, сызу пәнінің оқытушылары С.Утемалиев, Э.Умирбекова, Б.Қожақұлованың ұйымдастыруымен кітапхана оқу залында «Оқырман мұғалімдер» клубы өтіп, физика пәнінен сөзжұмбақ, ребус сайысы өтті.
 16.04.2021күні апталықтың жабылуына орай, физика пәні оқытушылары Г.Саханова, А.Дүйсенованың ұйымдастыруымен «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық сайысы, математика пәні оқытушысы Н.Сақбаева «Параллелепипедтің бүйір және толық бетінің аудандары» тақырыбында ашық сабақ өтті және математика және химия пәндерінен сөзжұмбақ, ребус сайысы өтті.
Апталықты қорытындылау отырысында іс-шараларға қатысқан оқытушылар өз пікірлерін білдіріп, оң бағасын берді

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған