Волочаев Спартак Михайлович

БАСТАУ КЕЗЕҢІ

1971-1981 жылдар аралығында техникум директоры  Спартак Михайлович Волочаев болды.

Алғашқы кезде, 1617-«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 1601 – «Автомобильдерді техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша мамандар дайындау жұмысы жүргізілді.1971-1975 жылдар аралығында күндізгі бөліммен қатар кешкі  және  сыртқы бөлімдер, ал 1980 жылы «Жол машиналарын пайдалану және жөндеу» мамандығы ашылды. Колледждің кітапханасы өз жұмысын 1971 жылы бастап, кітаптар қоры жинақталды. Осы оқу жылдарында 4 пәндік  циклдік комиссиялары құрылды:

  1. Орыс тілі, орыс әдебиеті және қоғамдық пәндер циклдік комиссиясы;
  2. Физика- математика циклдік комиссиясы;
  3. Жалпы техникалық пәндер циклдік комиссиясы;
  4. Арнайы пәндер циклдік комиссиясы.

Спартак Михайлович басқарған 1971-1981 оқу жылдарында жалпы саны 4796 студент қабылданды.

  • 1971 жылы 257 студент;
  • 1972 жылы 368 студент;
  • 1973 жылы 610 студент;
  • 1974 жылы 407 студент;
  • 1975 жылы 598 студент;
  • 1976 жылы 489 студент;
  • 1977 жылы 500 студент;
  • 1978 жылы 498 студент;
  • 1979 жылы 500 студент;
  • 1980 жылы 569 студент;

Спартак Михайлович Волочаев басшылық жасаған уақыт аралағы – колледждің оқу-материалдық базасының қалыптасуының  алғашқы «Бастау кезеңі» ретінде есте қалды.