«Дариға жүрек» атты әдеби-сазды кеші және «Оқырман мұғалімдер» клубы

18.02.2021ж. күні Тіл пәндері циклдік комиссиясының апталығы аясында карантиндік талаптарды сақтай отырып, ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Дариға жүрек» атты әдеби-сазды кеші өтті. ПЦК оқытушылары ұйымдастырған аталмыш іс-шараға офлайн форматта білім алып жатқан І курс студенттері қатысып, ақын жырларын жатқа оқып, әуезді әндерін шырқады және апталықтың жоспарына сәйкес, ПЦК оқытушылары офлайн форматта ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар «Оқуға құштар колледж» жобасы шеңберінде әр ай сайын циклдік комиссиялар оқытушылары арасында өткізіліп тұратын «Оқырман мұғалімдер» клубының отырысы өтті. Клуб отырысында оқытушылар оқыған кітаптарының мазмұны және қазіргі жас ақындардың шығармалары жайында ойларымен бөлісті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған