«Дуальды оқыту: күнгей мен көлеңке» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді.

15.02.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес «Дуальды оқыту: күнгей мен көлеңке» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. «Дуальды оқытудың жақсы жақтары өте көп» – деп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ә.Ақмолдаев бастаған «Болашақ» командасы жақтап шықса, «Дуальды оқытудың әлі кемшін тұстары көп. Кемшіліктерді жойғанда ғана алға дамиды» – деген ұстанымдарын директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Е.Әбдірайымов бастаған «Сұңқар» командасы дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға колледж директоры, оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Е.Әбдірайымов бастаған команда жеңіске жетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған