ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

2023 жылдың 1 қараша күні Жол-көлік колледжінде Шымкент қаласының дін істер басқармасының тапсырысы аясында «Бәйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шымкент қаласының аудандарында орналасқан оқу орындарының жастарымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу» жобасы бойынша студенттермен тақырыптық кездесу өтті.
Кездесуде Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Теологы Айтаев Икрам Сатыбалдиұлы сөз алып, Шымкент қаласының жастарына арналған мұндай тақырыптағы (Шымкент қаласының аудандарында орналасқан оқу орындарының жастарымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу) өте қажет екендігін тілге тиек етіп, жастарға теріс ағымдар мен діни экстремизм бағытындағы азаматтардың сыртқы көрінісі мен іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
М. Әуезов атындағы ОҚУ профессоры, «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша философия докторы Бекбосынов Ермек Туленұлы: Аталмыш іс-шара Дін істері басқармасы тарапынан жыл сайын ұйымдастырылады және жыл сайын жастарымыздың зайырлылық және құқықтық көзқарастарын дамыту жолында көптеген жұмыстар атқарылып, жастарымыздың діни бағытта адасушылық зардаптары көп болатынын түсіндіріп, құқықтық сауаттылық – жастарымыздың басты талабы болу қажеттілігін айтты.
Жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген кездесуде оқушылар белсене қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған