ДӘСТҮРЛІ «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» САЙЫСЫ ӨТУДЕ

Жол – көлік колледжінде 2023-2024 оқу жылында қабылданған топтардың арасында дәстүрлі түрде өтетін өнер-таным «Өнерлі-өрге жүзер» сайысы 30қазан мен 3қараша аралығында өтуде.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру (топты,мамандықты қорғау)
2. Өлең-сөздің патшасы (қара өлең,монолог,поэзия)
3. Өз өнері (ән,би)
4. Шебер қолдар (қол өнері)
5. Хор (патриоттық әндер) секілді 5 кезеңнен тұрды.
Жастарға рухани эстетикалық тәрбие беруде, өз мамандығының қыр-сырын меңгеруде, топпен бірлесіп ынтымақ-бірлікте жұмыс жасай білуде, ұлттық құндылықтарды құрметтеуде, бойларындағы таланты мен өнерлерін танытуда, шыңдауда «Өнерлі өрге жүзер» сайысының берері мол.
Бүгінгі күнге дейін сайысқа қатысқан ТМ-9-230, ТМ-9-231, ТМ-9-232, ТМ-9-233, ТМ-9-234,ТМ-9-235,ТМ-9-236,ТМ-9-237, ТМ-9-238, ТМ-9-239, САД-9-231,ЖМ-9-231,ОПУЖТ-9-231,ТҰРАТ-9-231,ОПУАТ-9-231,АЭ-9-231,АЭ-9-232,АЭ-9-233,АЭ-9-234 топтарының оқушылары белгіленген кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы қараша айында өтетін «Студенттер күні» мерекесінде жарияланады. Үздік деп танылған оқу топтары Дипломмен, Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сайыста жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерімен танылған, белсенді атсалысқан топ студенттері мен жетекшілерге үлкен алғысымызды білдіреміз.
Алдағы күндерде сайысқа түсетін келесі топтардың өнерлерін жариялайтын боламыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған