«Ер батыры – ел есінде» атты кездесу

ЕР БАТЫРЫ – ЕЛ ЕСІНДЕ
28.10.2022ж. Колледж презентация залында Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен » Ер батыры – ел есінде» атты кездесу өтті. Кездесуде жастарға ең алдымен «Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы» деп дана халқымыз айтқандай,батыр – халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы деп сөз бастады.
Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Сол жаугершілік замандарда «батыр – әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға» деп саналған деді.
Кездесу аудандағы Жол көлік колледжінің жастары мен тәрбие жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының «Чернобыль Ардагерлер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нахбаев Сайфулин Нақыпбекұлы және Михаил Ермаков ағаларымыз қатысып қызықты сөздерімен аяқтады

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған