Колледжде жалпы ата-аналар жиналысы өтті

14.02.2020ж. күні Жол – көлік колледжінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Акмулдаев ашып, колледждің 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен колледж жетістіктері туралы жан-жақты толық мәлімет берді. Жиналысқа қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов колледжде тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстар жайына тоқталды.
Жастардың бойына білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымына ата-аналар да өз алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған