Жастар және РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

24.02.2020ж. күні Жол-көлік колледжінде Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» арнайы жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.К.Баймаханов колледж студенттерімен кездесті. Аталмыш іс-шараны ұйымдастырған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов кездесу барысында жобалық кеңсенің мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған идеялар мен ұсыныстарды нақты шаралармен іске асыру екендігін айтып өтті. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» арнайы жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.К.Баймаханов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екі жылдан астам уақыт ішінде арнайы бағыттар мен жобалар бойынша көптеген іс-шаралар өткізіліп, жастарға қатысты ауқымды жобалардың қолға алынғанын және жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған