«Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі!»-атты жиын өтті.

22.02.2022ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының іс-жоспарына сәйкес, «Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі!»-атты жиын өтті.
Жиынның мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, діни экстремизмнің алдын алу, зорлық-зомбылықтың және ертежүктіліктің алдын алу. Жастарға саналы тәрбие, сапалы білім берумен қатар салауатты өмір сүруге бағыт-бағдар беру жолдарын шешу.
Жиналысқа:
1. «Индустриалды-техникалық» колледж
2. «Энергетика және байланыс» колледжі
3. «Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн» колледжі
4. «Саз» колледжі
5. «Азимед» колледжі
6. «ОҚ Гуманитарлық-экономикалық» колледжі
7. «ОҚ Фемида» колледжі
8. «Аймақаралық гуманитарлық-экономикалық» колледжі
9. «Жалын» колледжінің өкілдері қатысты.
«Шымкент қаласы аумағындағы кәмелет жасқа толмаған жастар арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында Шымкент қаласы Білім басқармасы ТжКББ бөлімінің бас маманы
Алтаева Жанар Бекетқызы баяндама жасады. Одан бөлек, ішкі істер органдарынан, денсаулық сақтау мекемелерінен, дін мамандары өз ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған