ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты: халықаралық стандарттар талаптарына сай жоғары білікті мамандарды дайындау және халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи үлгідегі құрал-жабдықтарды жаңарту болатын. Аталмыш жоба аясында мемлекет – колледждің материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін тиісті қаржы бөлген болатын. Осыған байланысты Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол – көлік колледжі» МКҚК «Жас маман» жобасы негізінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында бөлінген қаржыға 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 1303000 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар сатып алынуда.
Қазіргі таңда 40 –қа жуық құрал-жабдықтар колледж базасына толық орнатылды. (Алынған құрал-жабдықтардың бірнеше түрі назарға ұсынылды)
1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша келген құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы білім алушылар келесі құзіреттіліктерді игереді:
-Автомобильдің тораптарының және агрегаттарының құрылысы және жұмысын;
– Автокөлікті пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;
– «Автокөлікті жөндеу слесарі» біліктілігі бойынша практикалық жұмыстарды орындауды;
-. Автокөліктің бөлшектері мен механизмдерін жобалау және құрастыруды;
– Автокөлік техникасының механизмдерімен агрегаттарының конструктивті есептеулерін орындауды;
– Автокөліктің технологиялық жағдайын тексеру және бақылауды;
– Автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды;
– Автокөліктерді және технологиялық жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыруды



















- Bosch FSA 740 Автокөлік жүйелерінің диагностикалық кешені (мототестер)
- «Әрекеттегі инжекторлық ІЖҚ» зертханалық стенд Consulab em-140 02-035021
- LAUNCH X431 Pro 3 диагностикалық мультимаркалы сканері
- Жеңіл автомобильдердің электр жабдықтарын тексеруге арналған стенд SPIN 02.004.05 BANCHETTO PROFI INVERTER
- Мыс пластинадағы коррозиялық белсенділікті сынауға арналған жиынтық ЛАБ-КМП
- Слесарлық верстак GEFEST-ВС
- «4 цилиндрлі ДВС (дизельді және бензинді) қозғалтқыш-генераторлық жүктеу қондырғысы бар жұмыс процестері» автоматтандырылған зертханалық кешені
- Автомобиль диагностикалық сканері launch HD box III
- Гидравликалық штабелер SFH 1516
- «Бензинді үлестірілген бүрку жүйесі» оқу-зертханалық жабдықтар жиынтығы
- DAF жүк машинасы үшін қозғалтқыш
- Батареяларды зарядтауға арналған шкаф
- Шеберханаға арналған гидравликалық пресс
- «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету және жөндеу» бағдарламалық-әдістемелік кешені
- «Р-1250 әмбебап стенд (беріліс қорабы мен қозғалтқыштарға арналған Кантователь)
- Р-500Е әмбебап стенд (жеңіл автомобиль қозғалтқыштарына арналған Кантователь)
- Жүк автомобилінің механикалық беріліс қорабы
- 850 мм-лік төрт тіректі түзету тірегіші
- Беру механизмі бар жартылай автоматты дәнекерлеу машинасы
1303000 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша келген құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы білім алушылар келесі құзіреттіліктерді игереді:
- автоматиканы және сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау дискреттік құрылғыларын қолдану
- темір жол көлігіндегі электрбайланысының техникалық құралдарын қолдану
- телемеханикалық бақылау және техникалық диагностика жүйесін қолдану
- сигнал беруді, орталықтандыруды және бұғаттауды электрмен қоректендіретін құрылғыларды қолдану
- темір жол көлігінде автоматтандырылған станциялық жүйелерді қолдану және станцияда сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу
- поездардың қозғалысын автоматтандырылған интервалды реттеу жүйелерін қолдану және бөгендерде сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрмонтердің негізгі жұмыс түрлерін орындау.






1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы және 1303000 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша алынған құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу, сонымен қатар оқу практикасында тиімді қолдану мақсатында колледждің арнайы пән оқытушылары әр құрал-жабдықты жетік меңгеру мақсатында құрал-жабдықтардың нұсқаулығымен танысып, техникалық кеңес курстарынан өтті және арнайы Сертификаттар алды. (Бірнеше үлгісі көрсетілді)

