ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ ТРЕНИНГ ӨТТІ

2024 жылдың 28 ақпан күні колледж презентация залында жас мамандарға кәсіби орнығуға, бейімделуге, педагогикалық шеберлігінің қалыпты дамуына кеңес, көмек беру мақсатында колледж әдіскерлері Ф. Тургумбаева, Г. Тәжібекова және топ жетекшілер бірлестігінің төрайымы П.Абдразахованың ұйымдастыруымен «ОҚЫТУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» тақырыбында педагогикалық және психологиялық қолдау тренингі өтті.
Тренингті «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» деп позитивпен бастаған жас мамандар бірнеше кезеңдер барысында кәсіптік – педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуге жаттықты. Бір-біріне деген адамгершілік, сенімділік қарым-қатынастарын қалыптастырып, психологиялық қолдау көмегімен шығармашылыққа бағыт алды. Кәсіби құлшыныстары артып, жігерленді. Оқыту мен тәжірибені біріктірді. «Керемет ұйымдастырылған тренинг!» , «Көп рахмет!», «Жаңа ақпаратқа толы тренинг болды» деген қатысушылар іс-шарадан керемет әсер алғандарын айтып, өз ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған