Жаңа жылдық кеш 2019

28.12.2018ж. күні Жол-көлік колледжінде студенттердің Жаңа жылдық кеші өтті Жаңа жылдық кешті колледж директоры Г.Ү.Искакова құттықтау сөзімен ашты. Кеш барысында студенттер бір-біріне және ұстаздарына арнап, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді. Жаңа жылдық кешті студенттер ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күймен өткізді. Өнер көрсеткен студенттерге Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді.


Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған