Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары

25.10.2019ж. күні Жол-көлік колледждінде 2019-2020 оқу жылының «Азаматтық қорғау» жоспарына сәйкес, төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, жарылыс қаупі және т.б) кезіндегі іс-әрекеттерді бақылау мен қорғану дағдыларын қалыптастыру мақсатында сейсможаттығу өтті. Бұл сейсможаттығудың мақсаты: колледждің Азаматтық қорғау ұйымы мен құрылымдарының, басшылары мен оқытушылар құрамының, техникалық қызметкерлері мен оқушыларының жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын орындауға даярлығын тексеру, сонымен қатар, кез келген төтенше жағдайда сауатты іс-әрекеттер жасау мен апатты жағдайда өздерін қалыпты ұстай білу дағдыларына үйрету болып табылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған