Жолдыбаев Анри Тілегенұлы

ТЕРЕҢ БІЛІМ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Жолдыбаев Анри Тлегенұлы1939 жылы 19 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Балықшы ауылында педагогтар жанұясында дүниеге келген. Ванновка селосында (қазіргі Т.Рыскұлов  ауылы) орта мектепті бітіргеннен кейін 1956-1961 жылдары Ташкент қаласында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институттында  физика-математикафакультетінің «Математика және сызу» мамандығы бойынша оқып, бітірген.

Анри Тлегенұлы жұбайы Сулейменова Мария екеуі, 2- ұл және  1-қыз тәрбиелеп, өсірді.

Жолдыбаев Анри Тлегенұлы 25 ақпан 2002 жылы дүниеден өтті.

Еңбек жолы

Анри Тлегенұлы еңбек жолын 1961 жылы тамыз айында Самарканд облысындағы Жызақ ауданынын №43 орта мектебінде математика пәнінің  оқытушысы қызметін бастаған.

-1962 жылдан 1964 жылдың тамыз айына дейін Шымкент облысы Түлкібас ауданында №2 Абай атындағы орта мектепте математика пәнінің оқытушысы;

-1964 жылы тамызда Ванновка селосында (қазіргі Т.Рысқұлов ауылы) Гидромилиоративтік техникумына математика және сызу пәнінің оқытушысы болып қызметін ауыстырады;

 -1969 жылы қырқыйүек айында Шымкент қаласына гидромелиоративтік құрылыс техникумына қызметке ауысады;

-1970 жылы қараша айынан  1975 жылдың қыркүйек айына дейін аталмыш техникумның гидромелиорация бөлімінің меңгерушісі;

– 1982  жылдың тамыз айына дейін гидромелиоративтік құрылыс техникумынаоқу-өндіріс жұмысы жөніндегі директордың орынбасары;

– 1982 жылы тамыз айы және 1988 жыл желтоқсан айының  аралығында Шымкент қаласының Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде директор  қызметін;

-1988 жылы желтоқсан айында Шымкент автомеханикалық техникум (қазіргі Жол-көлік  колледжі)  директоры;

 -1997 жылғы шілде айының 1-жұлдызынан бастап Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары болып қызметтерін  атқарған.

Марапаттары

 – 1956 ж. студент кезінде үкімет тарапынан «Еңбек үздігі» медалі;

– 1958 ж.«Тың жерді игергені үшін» медалі;

– 1987ж. «Еңбек ардагері» медалі;

– Шымкент облысының құрылғанына 60-жыл толуына орай, Облыстық Мерекелік мақтау қағазы;

– Шымкент қаласы маслихатының депутаты болған.