Жол көлік колледжінің базасында 24.04.2023ж. бастап «Әскери оқу дала жиыны» өтуде

Жол көлік колледжінің базасында 24.04.2023ж. бастап «Әскери оқу дала жиыны» өтуде. Әскери жаттығуға колледждің ІІ курс білім алушылары қатысуда. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру мен ел қорғауға әрдайым физикалық тұрғыда дайын болуға үйрету. Жасөспірімдер оқу дала жиынын өткізуге арналған әскери құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жаттығу жиыны 24-28-ші сәуір аралығында жалғасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған