Жол – көлік колледжінің медиа залында жаңадан қабылданған оқытушыларға арналған семинар өтті

28.09.2023 ж. күні Жол – көлік колледжінің медиа залында жаңадан қабылданған оқытушыларға арналған семинар өтті. Семинарға колледж директоры Г.Искакова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Акмулдаев, директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Б.Ешимов, сапа бойынша басшылық өкілі Қ.Аймишев, колледж әдіскерлері, циклдік комиссия төрағалары және тәлімгерлер қатысты.
Жас оқытушыларға оқу – тәрбие процесіне қатысты құжаттарды жасаудың жолдары мен ерекшеліктері, SmartNation платформасы және электронды журналдарды толтыру тәртібі, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және оның ерекшеліктері, мамандық бойынша жүргізілетін барлық пәндерден теориялық, практикалық, зертханалық сабақтардың айырмашылықтары, курстық жоба дайындау үлгілері, сабақта қолданылатын слайдтар, бейнероликтер, мультимедиалық электронды оқулықтарды дайындау және қолдану ерекшеліктері, кітапхана қорындағы қажетті оқулықтар қоры туралы жан-жақты ақпараттар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған