Жол-көлік колледжінің спорт залында «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, І курс топтары арасында волейболдан жарыс өткізілді

12-14 желтоқсан күндері колледж спорт залында «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, І курс топтары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша , сәйкесінше жүлделі ІІІ, ІІ орындарды ОДД9-221, ТМ9-225 топтары иеленсе, І орыннан АЭ9-221 тобы көрінді. Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаз командаға алғыс хатты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов пен волейболдан колледждің аға бапкері С.Берденов табыстап, қалалық чемпионатта жоғары орындардан көрінуді тіледі

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған