Previous
Next
2020 жыл елімізде «Еріктілер жылы» деп жарияланып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өткен болатын. Әрбір адамның бойында азаматтық позицияны, патриоттық сезімді оятып, өзінің жеке жан қалауымен қоғамға кішкене болса да өз үлесін қосып жатқан еріктілердің қоғамға тигізіп жатқан пайдасы аса зор. Осындай еріктілердің ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мен колледж әкімшілігінің қолдау көрсетуі арқасында колледждің ерікті жастары Қарттар үйіне көмек ретінде көркем әдеби кітаптар мен журналдарды сыйға тартты.