17 қараша – барша студенттер қауымы үшін айтулы мереке – «Студенттер күні»

17 қараша – барша студенттер қауымы үшін айтулы мереке – «Студенттер күні». Осы айтулы мерекеге орай 17.11.2020ж. күні Жол – көлік колледжінде сұлу сезім, қайратты мінез, ұшқыр ой мен жігерлі жастық шақтың мерекесі – «Студенттер күніне» арналған мерекелік іс-шара ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта атап өтілді. Салтанатты іс-шара барысында колледж директоры Г.Ү.Искакова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Акмулдаев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов барша студенттерді мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара соңында студентттер жастық шақтың жалынды жырларын оқып, тілек білдірген ұстаздарға өз алғыстарын айтты.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті колледж студенттері!!!
Елдің өркендеуі мен тыныштығының тірегі болар білікті де білімді тұлға болып қалыптасуларыңа тілектеспіз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған