«Жылдың үздік циклдік комиссиясының» ауыспалы Кубогын Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясы кафедрасы ұтып алды

2023-2024 оқу жылында Ұстаздар мерекесіне орай, оқу-тәрбие процесінде үздіксіз еңбек етіп, жоғары нәтиже көрсеткен
Жол-көлік колледжінің ұстаздары Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының, «Аманат» партиясының және Шымкент қаласы Тұран ауданының Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапатты колледж директоры Г. Искакова және колледж оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподағының төрағасы
Р. Ешимов салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, мереке қарсаңында Жол-көлік колледжінде дәстүрге айналған «Жылдың үздік циклдік комиссиясы» және «Үздік рейтинг иегерлері» анықталынып, кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сый-сияпаттары тарту етілді.
«Жылдың үздік циклдік комиссиясының» ауыспалы Кубогын Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясы кафедрасы ұтып алды. Марапаттарыңыз құтты болсын!!!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған