ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 135 ЖЫЛ

2024 жылдың 18 сәуір күні Білім басқармасы мен Жол-көлік колледжінің жылдық жоспарына сәйкес қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушыларының бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай колледж базасында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Білім алушыларға Ж. Аймауытовтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстырып, пікір алмасу. Педагогика ғылымына қосқан үлесі, «Тәрбие» атты көлемді мақаласын талқылау. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін айшықтау. Жазушыға деген құрмет сезімдерін арттыру.
Ұлт болып ұйысу жолында жарғақ құлағы жастыққа тимей елін, болашағын ойлап, қазақ әдебиетіне небір жауһар туындыларды дүниеге әкелген жазушы көптеген шығармаларында тәрбиенің маңыздылығын меңзеген. Бүгінгі дөңгелек үстелде арнайы қонақтарымыз Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Злиха Жантасова Ж.Аймауытовтың «Тәрбие» атты мақаласын талдап, мәдениет саласының үздігі «Әдет-ғұрып және салт- дәстүр» орталығының аға ғылыми қызметкері Мырзабай Омар Еркінбайұлы заңғар жазушының шығармасындағы әйел теңсіздігі туралы кеңінен айтты. Жас ұрпақты жаңа рухта, адамгершілікке, жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеудегі бүгінгі іс-шараны білім алушылар интелектуалды ойынмен қорытындылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған