ШАХМАТТАН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

2024 жылдың 19 сәуір күні Жол-көлік колледжінде жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейту, сөздік қоры мен ойлау қабілетін дамыту, білім сауаттылығын арттыру, рухани өсуіне ықпал ету мақсатында еліміздің мақтанышы, тұңғыш қазақ қыздарының арасынан шыққан гроссмейстері, 3 дүркін Азия чемпионы, 7 дүркін Қазақстан чемпионы, қазіргі таңда Мәдениет және Ақпарат министрлігі, креативті индустриялар департаментінің директоры, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Нахбаева Гүлісхан Сайфуллинқызы атындағы техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған шахматтан қалалық турнир өтті.
Қалалық турнирді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек ашты. Турнирге Шымкенттегі 16 колледжден 48 студент қатысты. Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева және оқу орындарының басшылары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирде «Ұлттық дәрежедегі төреші» Биғабылов Жұбан Түзелбайұлы төрелік жасады.
Нәтижесінде:
1-орын
Парасат колледжі
Кубок медаль және 100 мың теңге қаржылай сыйлығымен;
2-орын
Жол-көлік колледжі
Кубок медаль 70 мың теңге сыйлығымен;
3-орын
Политехникалық колледжі
Кубок медаль 50 мың тенге сыйлығымен марапатталды!
Ел намысын қорғайтын чемпиондарымыз көп болсын!
 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған