«Заманауи көліктік логистика»

11.02.2020ж. күні 1202000, 1203000, 1206000, 1303000 мамандықтары арнайы пәндері циклдік комиссиясының апталығы аясында «Заманауи көліктік логистика» тақырыбында әлеуметтік серіктестер және колледж білім алушылары қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге «Орион» ЖШС директоры Тимченко С.В., «Вега» ЖШС директоры Кипчакбаев Е.Д., «Қазақстан темір жолы» ҰК Шымкент стансасы кезекшісі Досанов И.Қ., «Қазығұрт жол» ЖШС мекемесі вагон шаруашылығы менеджері Қарибаев М.А,. «Қазақстан темір жолы» ҰК Шымкент жол бөлімшесі жетекші инженері Сафаров С.Х. қатысып білім алушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар арнайы пән оқытушысы Б.Ермаханов «Жүк тиеу-түсіру жұмыстары мен жүктерді таңбалау» тақырыбындағы бейнесабағы COLLEGE SmartNation сайтына жүктеліп, колледж студенттерінің назарына ұсынылды және оқытушы Ж.Жумагулова «Калаішілік автобус тасымалдарын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн форматта және арнайы пән оқытушысы П.Балгабаева «Темір жол көлігі қызметкерлерінің негізгі міндеттері және олардың поездар қозғалысының қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі» тақырыбында офлайн форматта ашық сабақ өтті. Ашық сабақтар мен іс-шараларға қатысқан әріптестер оң бағасын берді

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған