Инновациялар және кәсіпкерлік-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы

29.11.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде «Инновациялар және кәсіпкерлік-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен басқа да облыстық білім беру басқармаларының өкілдері, ТжКББ ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ өкілдері қатысты.
Республикалық семинар-практикумда білім беру және бизнестің интеграциясы негізінде ТжКББ ұйымдары мен жетекші компаниялардың озық тәжірибесін тарату, IT-технологияларды оқу үрдісіне енгізу және WorldSkills стандарттарын ТжКББ жүйесіне бейімдеудің тиімді шаралары қарастырылды және семинар-практикумның секциялық жұмысында үздік мамандардың қатыстырылуымен колледжде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, WorldSkills қозғалысын дамыту, IT технологияларын қолданудың әлеуетті мүмкіндіктерін қарастыру, ағылшын тілін өз бетінше үйрену үшін интернет-ресурстарды қолдану әдістерін талқылау мақсатында мастер-класс форматында практикалық сабақтар өткізілді.
Семинарға келген қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасы және мұражайымен танысып, қолтаңба қалдырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған